Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен журналист болғым келеді?

Неліктен журналист болғым келеді?


Фото: ашық дереккөзден алынды
Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі адамның болашақтағы жетістігі, қоғамдағы орны мен өмірлік мақсаты таңдаған мамандығымен тығыз байланысты. Менің жүрек қалауым – журналистика саласы. Бұл мамандық маған өзінің қызыққа толы өмірімен, жауапкершілігімен және қоғамға тигізетін пайдасымен ерекше ұнайды.
Журналист – қоғамның айнасы. Ол халық пен билік арасындағы байланысты орнатып, маңызды ақпараттарды елге жеткізеді. Қазіргі заманда ақпараттың рөлі өте жоғары. Адамдар әлемде болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде біліп отырғысы келеді. Сондықтан журналистің жұмысы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мен де болашақта ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа шынайы жеткізетін, әділдікті ту ететін журналист болғым келеді. Журналистика маған адамдармен еркін сөйлесуге, олардың ой-пікірін тыңдауға және түрлі тақырыптарды зерттеуге мүмкіндік береді. Мен жаңа ақпарат білуді, өз ойымды жазбаша жеткізуді және қоғамдағы жаңалықтарға қызығушылық танытуды ұнатамын. Осы қасиеттерім журналист мамандығына жақын деп ойлаймын. Әрбір мақала немесе сұхбат адамның ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, қоғамға әсер ете алады.
Менің болашақта білім алғым келетін оқу орындарының бірі – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Бұл университет – еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі. Университет журналистика мамандығы бойынша білім алушыларға заманауи талаптарға сай білім беріп, жаңа медиа, телерадио журналистикасы, журналистік этика және публицистика бағыттары бойынша кәсіби даярлық жүргізеді. Аталған университеттің журналистика бағдарламасының негізгі мақсаты – қоғамды шынайы ақпаратпен қамтамасыз ете алатын, жаңа медиа талаптарына бейімделген, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бұл менің болашақтағы мақсаттарыммен толық сәйкес келеді. Университет қабырғасынан көптеген талантты түлектер түлеп ұшқан.
Соның бірі – журналистика мамандығының түлегі Ботағөз Бақбергенова. Қазіргі таңда ол университеттің медиа орталығын басқарады. Өз естелігінде ол студенттік кезінде телеарнада жұмыс істеп, кәсіби тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алғанын ерекше атап өткен. Мұндай жетістіктер мен үшін үлкен мотивация береді. Журналист болу – тек мамандық таңдау емес, бұл халыққа қызмет ету. Кейде бір ғана мақала немесе репортаж қоғамдағы үлкен мәселенің шешілуіне ықпал етеді.
Сондықтан журналист әрқашан сауатты, әділ және жауапты болуы керек. Мен де болашақта адамдардың мұң-мұқтажын жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін маман болғым келеді. Сонымен қатар журналистика шығармашылықты талап етеді. Репортаж дайындау, сұхбат алу, мақала жазу, жаңалық түсіру сияқты жұмыстар адамның ойлау қабілетін дамытады. Бұл мамандықта үнемі ізденіс пен жаңашылдық қажет. Мен өзімді осы салада дамытып, кәсіби деңгейге көтергім келеді.

Асылзат ЖҰБАТҚАНҚЫЗЫ,
11 сынып оқушысы
Арал ауданы
04 маусым 2026 ж. 50 0

4 маусымға валюта бағамы

04 маусым 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930