+35 градус ыстық: Астана мен Алматыда демалыс күндері ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 30, 31 мамыр мен 1 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
30 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +30...+32 градус.
31 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус.
1 маусымда күн ала бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +28...+30 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
30 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус.
31 мамырда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +31...+33 градус.
1 маусымда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +33...+35 градус қатты ыстық болады.
Қазақстанда жаз 40 градустық аптап ыстықпен басталады
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және батысында күн райы құбылмалы болатынын - жаңбыр жауып, күн күркірейтінін хабарлаған болатын. Қазақстан бойынша ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Толығырақ осы жерден оқыңыз.










