Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік балалардың құқықтарын қорғауға қатысты интерактивті карта әзірлейді

Министрлік балалардың құқықтарын қорғауға қатысты интерактивті карта әзірлейді

Елімізде Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды, деп хабарлайды baq.kz
Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Айтуынша, құжатта негізгі үш міндетті орындауға қатысты жаңа тәсілдер қолданылған.
Сондай-ақ өңірлердегі жағдайды зерделеу мақсатында Ұлттық білім беру дерекқоры аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тәуекелдердің интерактивті картасы жасалады.
Интерактивті картаның негізгі дереккөздері құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау және ақпарат, оқу-ағарту министрліктері, сондай-ақ жергілікті әкімдіктердің ақпараттық ресурстары. Бұл тәсіл балалардың мәселелерін алдын алуға және оны шешу үшін жедел әрі жүйелі шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Осы интерактивті карта негізінде жергілікті әкімдіктер аталған мәселелерді шешу бойынша нақты бағдарламаларды әзірлеп, іске асырады, - деді ведомство өкілі.

13 қыркүйек 2023 ж. 163 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930