ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН МЕДИА ФЕСТИВАЛІ: ALMATY AI MEDIA FEST-2026
Түркітілдес журналистер қоры 2026 жылдың 24-26 шілдесінде Almaty AI Media Fest-2026 Жасанды интеллект пен медиа фестивалін ұйымдастырады. Аталған шараға Қазақстандағы 1-11 сынып оқушылары қатысады.Алматы қаласында 3 күнге созылатын Фестивальдің алғашқы күні қатысушылар Алатау баурайындағы сұлу шаһардың Көктөбе, Медеу, Шымбұлақ, Орталық музей, Тәуелсіздік алаңы, 28 Панфиловшылар бағы сияқты көрнекі жерлерімен танысады.
Жасанды интеллект пен медиаға арналатын 2-күні оқушылар дәстүрлі журналистика, жаңа медиа мен әлеуметтік желілердегі жаңа үдерістер мен мүмкіндіктеріне арналған шеберлік сабақтарына қатысады. Медиа тренерлер - елімізге танымал журналистер, БАҚ басшылары, ІТ мамандар, журналистика факультетінің оқытушылары, әлеуметтік пікірді қалыптастыруға ықпал ететін Қоғам қайраткерлері т.б.
Шараның 3-күні қатысушылар арасында өткен байқаудың жеңімпаздары анықталып, Almaty AI Media Fest-2026 Алматы Жасанды интеллект пен медиа фестивалі салтанатты түрде қорытындыланады.
Толық ақпарат: +7 778 878 3408 (WhatsApp).
#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists














