Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырма тиянақты орындалуы тис

Тапсырма тиянақты орындалуы тис

Жуырда облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Аймақ басшысының мәжілісте беріген тапсырмаларына сәйкес аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы аппарат мәжілісін өткізіп, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Биыл Қазалы ауданындағы 37 мектепте 2025-2026 оқу жылын барлығы 16 701 оқушы аяқтап отыр. Ал 11 сыныпты 1015 оқушы бітіруде. Оның 943-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 116 оқушы Үздік аттестатқа, 99 оқушы Алтын белгіге үміткер атанып отыр. Ал биыл ауданда 14 975 оқушына яғни оқушылардың 95,2 пайызын жазғы демалыс шараларымен қамту жоспарланып отыр.
Мәжілісте аудан әкімі аудандық білім бөлімінің басшысына оқу жылының аяқталуына байланысты аттестат табыстау рәсімдерін және Ұлттық бірыңғай тестілеуді жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Мектеп бітіру шараларында ысырапшылдық пен даңғазалыққа жол бермеу, ата-аналардан қаражат жинаудың алдын алу, аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді тартпау, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық жинауға тыйым салу қажеттігін қатаң ескертті. Аудандық полиция бөлімі мен бірлесе отырып, оқушылардың кортеж ұйымдастыруына, жалға алынған көліктермен экскурсияларға шығуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдауды міндеттеді.
Аудан басшысы балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыру мәселесіне де ерекше тоқталды. Осыған байланысты аудандағы «Шағала» балаларды сауықтыру демалыс орталығы мен мектеп жанындағы лагерьлердің жаңа маусымға толық дайын болуы, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларды көбейту, жазғы лагерьлердегі азық-түлік сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуын күшейту, балаларды тасымалдау кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суға шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша тиісті сала басшылары бірлесе жұмыс жасауды тапсырды.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқанының орындалу барысы да қаралды. Аудан әкімі жоспар көрсеткіштері төмен ауылдық округ әкімдерінің есептерін тыңдап, шақыру жұмыстарын жандандыру керектігін айтты. Сонымен қатар жауапты мекемелерге әскерге шақыру жоспарының толық орындалуын қамтамасыз ету, әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
Бұдан бөлек «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы санитарлық тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарының жай-күйі де талқыланды. Мониторинг барысында анықталған кемшіліктер сараланып, аудан әкімі кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету, бей-берекет қоқыс орындарын жою, абаттандыру жұмыстарын күшейту және нәтижесін тұрақты түрде бақылауда ұстау жөнінде тапсырмалар берді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 мамыр 2026 ж. 12 0

Есепті кеш ерекше өтті

30 мамыр 2026 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031