Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Хантавирус қоршаған ортаға жануарлар арқылы таралады – инфекционист

Хантавирус қоршаған ортаға жануарлар арқылы таралады – инфекционист

Хантавирустың 50-ден астам түрі бар және олар екі түрлі клиникалық көрініс тудыруы мүмкін.
Хантавирус қоршаған ортаға жануарлар арқылы таралады – инфекционист
Фото: www.istockphoto.com
Ресейлік инфекционист дәрігер, Сібір мемлекеттік медицина университетінің инфекциялық аурулар және эпидемиология кафедрасының доценті Юлия Минакова хантавирустың негізгі түрлері туралы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл ол туралы РИА Новости агенттігіне сұхбат берген.
Оның айтуынша, хантавирустың екі негізгі клиникалық түрі бар.
"Хантавирустың 50-ден астам түрі бар және олар екі түрлі клиникалық көрініс тудыруы мүмкін. Біріншісі – көпшілікке белгілі хантавирустық кардиопульмоналдық (өкпелік) синдром, екіншісі – бүйрек синдромымен өтетін геморрагиялық қызба", – деді Юлия Минакова.
Маманның  айтуынша,  адамның қай серотипті вирус жұқтырғанына байланысты аурудың бір түрі немесе екіншісі дамиды.
– Хантавирустық кардиопульмоналдық синдром Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған. Мұндай клиникалық түрге, атап айтқанда, Андес штамы жатады. Ал бүйрек синдромымен өтетін геморрагиялық қызба (ГСГҚ) Еуропа мен Азия елдеріне тән эндемиялық ауру саналады. Хантавирус  инфекциясы адамға тышқандар тұқымдасы (Muridae) мен атжалмандар тұқымдасына (Cricetidae) жататын жабайы кеміргіштермен байланыс кезінде жұғады", – деді дәрігер.
Вирус қоршаған ортаға жануарлардың нәжісі, зәрі және сілекейі арқылы таралады.
Айта кетейік, өлімге әкелуі мүмкін хантавирустың өршуі Аргентинадан Кабо-Вердеге бағыт алған MV Hondius кемесінде тіркелген. Салдарынан үш адам көз жұмды. Кеме 10 мамырда Канар аралдарының жағалауына жетіп, жолаушылар эвакуацияланған.
29 мамыр 2026 ж. 51 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031