Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Отшашу мен петарда – ойыншық емес»: министрлік ата-аналарға үндеу жасады

«Отшашу мен петарда – ойыншық емес»: министрлік ата-аналарға үндеу жасады

Мектеп оқушылары жуырда қысқы каникулға шығады
«Отшашу мен петарда – ойыншық емес»: министрлік ата-аналарға үндеу жасады
Фото: depositphotos.com
Оқу-ағарту министрлігі қысқы каникулға байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметінше, жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді.
Бұл санның артында баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр.
«Отшашу мен петарда – ойыншық емес! Олар – балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар. Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар», – дейді Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады.
«Егер балаға петарда сатып тұрғанын көрсеңіз — бей-жай қарамаңыз, бұл — заңға қайшы әрекет. Балаларға отшашуды өз бетінше жағуға мүлде болмайды. Тіпті «зиянсыз» көрінгеннің өзін де тек ересектер ғана жағуы тиіс. Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің маңында атуға немесе қолдануға болмайды.
Балалардың амандығы – сіздің қырағылығыңызға байланысты», – деп Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға ескерту жасады.



26 желтоқсан 2025 ж. 269 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31