Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЖБ мен БЖБ алып тасталады: Қазақстан мектептерінде классикалық бақылау жұмыстары қашан енгізілмек

ТЖБ мен БЖБ алып тасталады: Қазақстан мектептерінде классикалық бақылау жұмыстары қашан енгізілмек

Фото: pixabay.com
Үкімет брифингінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қазақстандық мектептер ТЖБ мен БЖБ-дан ақырындап бас тартуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрі бұрынғы бақылау жұмыстары, диктантты қайтарғысы келеді.
"Оқу-ағарту министрлігі ТЖБ және БЖБ бойынша кең ауқымды талдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, себебі бұл білім беру стандарттарында белгіленген, критерийлерге негізделген бағалау. Қазір біз бөлек бағалауларды енгізіп жатырмыз – диктант, шығарма жазу, мазмұндамалар. Сондықтан біз ТЖБ-дан біртіндеп бас тартуды ойластырып жатырмыз”, – деді Сүлейменова.
Сөзінше, одан бас тарту үшін нақты себеп керек. Сол үшін қазір 1-ден 11-ге дейінгі сыныптарға талдау жүргізілді.
“Оқушылардың тапсырмалары мен жауаптарын қарастырдық. Әрине, кейбір жүйелер ТЖБ, БЖБ жауаптарын жүктемейді. Тамыз айындағы конференцияда қай сыныптар үшін бұл бағалау қалатынын, ал кімдерге ауыстыратынымызды нақты айтамыз", – деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда ҰБТ-ға балама жаңа тест енгізілетіні туралы жазған едік. Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған жоба бойынша, жаңа емтихан ҰБТ-мен қатар жүргізіліп, болашақта халықаралық SAT үлгісіндегі баламаға айналуы мүмкін.
26 мамыр 2026 ж. 211 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930