Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Талап күшейеді“: оқу-ағарту министрі Сүлейменова маңызды өзгерістерді айтты

“Талап күшейеді“: оқу-ағарту министрі Сүлейменова маңызды өзгерістерді айтты

“Талап күшейеді“: оқу-ағарту министрі Сүлейменова маңызды өзгерістерді айттыФото: depositphotos.com
Елімізде жеке мектептерге қойылатын талаптар өзгереді. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұдан былай елімізде жеке мектептер нақты қажеттілік туындаған өңірлерде ғана ашылады. Лицензия тек үш ауысымды мектептерді, апат жағдайында тұрған білім ордаларын алмастыру мақсатында мемлекеттік мектептер жетіспейтін өңірлерге беріледі.
Сонымен қатар, жеке мектептер құрылтайшыларының жауапкершілігі де заң аясында жетілдіріледі. Олар мектептердегі білім сапасы, ұстаздардың біліктілігі және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілік алады.
"Одан бөлек, мектеп директорларын тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Енді мектеп директорларын бұрынғыдай құрылтайшылар таңдамайды. Шешім қабылдау кезінде салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімі ескеріледі", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, қазір елімізде лицензиясы бар 890 жеке мектеп бар.
Еске салайық, бұған дейін министр мектеп директорларына қатысты маңызды жаңалықты айтты.

19 қаңтар 2026 ж. 132 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 29

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031