Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық құпиясына қатысты мәліметтерді беру қағидалары бекітілді

Салық құпиясына қатысты мәліметтерді беру қағидалары бекітілді

Фото: pixabay
Жоғары аудиторлық палата мен Қаржы министрінің бірлескен нормативтік қаулысымен мемлекеттік кірістер органдары мен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары арасындағы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді ұсыну тәртібі бекітілді.
Құжат салық төлеушінің жазбаша келісімінсіз, тек ресми сұрау салу негізінде және Қазақстан заңнамасы аясында мәліметтер беру тәртібін айқындайды.
Жазбаша келісімсіз берілуі мүмкін мәліметтер тізіміне мыналар енгізілген:
салық төлеушілердің дербес шоттары;
салық есептілігі нысандары және оларға қатысты деректер;
салықтық бақылау туралы мәліметтер;
салық төлеушілер базасындағы ақпарат;
берешек, қайтарым және есепке жатқызу туралы деректер;
өндіріп алу шаралары жөніндегі мәліметтер;
талдамалық есептер;
электрондық шот-фактуралар жүйесіндегі ақпарат, оның ішінде тауарлар, жеткізушілер мен алушылар туралы деректер.
Қағидаға сәйкес, мемлекеттік кірістер органдары сұрау келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қажетті мәліметтер мен құпия ақпаратты сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына жолдайды.

Бұл ақпарат аталған органдардың міндеттері мен функцияларын орындауы үшін қажет болған жағдайда, мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау талаптары ескеріле отырып ұсынылады.

Мәліметтерді беру мынадай тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырылады:
қағаз жеткізгіштер арқылы;
электрондық тасымалдағыштар арқылы;
Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы, электрондық құжат айналымы жүйесі және ақпараттық жүйелер арасындағы интеграция арқылы.
Сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізімін бекітеді.

Құжатта мемлекеттік кірістер органдарынан алынған мәліметтер мен құпия ақпараттың қызметтік міндеттерді орындау кезінде де, одан кейін де жария етілуіне жол берілмейтіні көрсетілген. Бұл талап кедендік бақылауға тартылған мамандарға да қатысты.
Аталған бұйрық 2026 жылғы 2 маусымнан бастап күшіне енеді.
25 мамыр 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031