Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауа температурасы төмендеп, -3°-қа дейін үсік болуы мүмкін

Ауа температурасы төмендеп, -3°-қа дейін үсік болуы мүмкін

Синоптиктер алдағы күндерге ауа райы болжамын жасады.
Фото:
iStock
Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
20–22 мамыр аралығында еліміздің бірқатар өңірлерінде найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және үсік күтіледі.
Солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасының төмендеуі болжанып, кей жерлерде -3°-қа дейін үсік болуы мүмкін. Оңтүстік және батыс өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер болжанды.
Астана қ.: 21 мамырда ауа температурасы күндіз 15-17 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Шымкент қ.: 20 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
21 мамырда Қостанай облысында ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады.

21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың батысында 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік сақталады.

21 мамырда Ақмола облысында ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

21 мамырда Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.

21 мамырда Қарағанды облысында ауа температурасы күндіз 15-20 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. 22 мамырда түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі.

22 мамырда Абай облысының түнде солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.
22 мамырда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 9 градус жылы, облыстың солтүстігінде 2 градус үсікке дейін, күндіз 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, шығысында 7 градус жылыға дейін төмендейді.

20 мамырда Қызылорда облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарда кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

20 мамырда таңертең және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.

20 мамырда түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамырда түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-18 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

20 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Абай облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

20 мамырда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 18-23 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

20 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 мамыр 2026 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031