Өңірлерде жоғары өрт қаупі күтіледі
Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жасалды.
Фото: iStock
Фото: iStock«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай — Шығыс Қазақстан, Абай облысы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында.
Жел (15–25 м/с дейін) — елдің көптеген өңірлерінде.
Үсік (−1…−3°С дейін) — солтүстік және шығыс облыстарда.
Шаңды дауылдар — Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарында және Маңғыстау облысының кей жерлерінде.
14 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 мамырда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 мамырда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
14 мамырда күндіз Павлодар облысының шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі.
14 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
14 мамырда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
14-15 мамырда Алматы облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 мамырда Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
14 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
14 мамырда күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
14 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың шығысында 23 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
14 мамырда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
14 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
14 мамырда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
14 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.














