Аптап ыстықтан үсікке дейін: бүгін ауа райы құбылады
Қостанай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 16 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында күші 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Атырау облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найғағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.











