Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Парацетамол мен аспирин қымбаттай ма?": Қазақстанда үкімет арзан дәрілердің бағасын бақылауды тоқтатады

"Парацетамол мен аспирин қымбаттай ма?": Қазақстанда үкімет арзан дәрілердің бағасын бақылауды тоқтатады

Фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігі арзан дәрілердің бағасы енді мемлекеттік бақылауда болмайтынын жеткізді. Осыған байланысты аспирин мен парацетамол сияқты препараттар қымбаттай ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр Олжас Бектенов көтерме және бөлшек саудадағы құны 1 АЕК-ке (4325 теңге) дейінгі дәрі-дәрмектер бойынша баға реттеуді 1 маусымға дейін толық аяқтауды тапсырды. Ал 1 АЕК-тен жоғары дәрілер бойынша бұл жұмыс 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдеге дейін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды "бір терезе" қағидаты бойынша тіркеу жүйесін енгізуі тиіс.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтың айтуынша, қазір елімізде арзан дәрілерге қатысты баға реттеу кезең-кезеңімен тоқтатылып жатыр. Шамамен 1800-ге жуық рецептсіз дәрі баға шектеуінен шығарылған.
"Кәдімгі базалық препараттар – парацетамол, аспирин бағалары қазірдің өзінде реттелмейді. Біз оларға шекті баға белгілемейміз. Рецептпен берілетін, 1 АЕК-ке дейінгі дәрілерді осы айдың соңына дейін реттеуден шығарамыз. Ал қалған дәрілер бойынша шекті бағалар сақталады. Бұл дәрілердің бағасы өседі деп күтпейміз", – деді ол.
Жүсіповтың айтуынша, тиісті бұйрық бекітілген және осы айдың соңына дейін мемлекет арзан рецептілік дәрілердің бағасын бақылауды тоқтатады.
15 мамыр 2026 ж. 28 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031