Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар қатаңдатылады

Қазақстанда президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар қатаңдатылады

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда президент, депутат, әкімдер мен Орталық сайлау комиссиясы мүшелеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады. Мәжіліс депутаттары сайлау туралы конституциялық заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасын жұмыс тәртібінде қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжіліс депутаттары сайлау туралы заңға өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр. Заң жобасының басты мақсаты – бір кандидатты бірден бірнеше округтен мәжіліс депутаты ретінде ұсынуға тыйым салу. Сондай-ақ мәжіліс пен мәслихат сайлауына бір мезетте қатысуға шектеу қойылады, ал кандидаттар үшін арнайы сайлау қоры құрылады.

Сонымен бірге президент, депутат, әкімдер мен Орталық сайлау комиссиясы мүшелеріне қойылатын талаптар күшейтіледі: олардың ауыр қылмыстар үшін сотталғаны болмауы шарт.

Депутат Снежанна Имашева құжаттың сайлау рәсімдерін жетілдіруге және нормаларды бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізуге бағытталғанын айтты. Мәжіліс заң жобасын жұмысқа алды. Енді заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті қорытынды әзірлейді.

Айта кетейік, заңға сәйкес президент болып Қазақстанның тумасы, жасы 40-тан асқан, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жыл елде тұрақты тұрған, жоғары білімі бар және мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымда кемінде бес жыл еңбек өтілі бар азамат сайлана алады.
Еске салайық, 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға енгізілген түзетулерге қол қойған еді. Ол бойынша партиялық тізімдерде әйелдер мен жастарға кемінде 30%-дық квота қарастырылды. Сондай-ақ жаңа партияны тіркеу үшін мүше саны 40 мыңнан 20 мыңға азайтылды.


03 қыркүйек 2025 ж. 127 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 109

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 186

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 152

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 133

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930