Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Хайп үшін желіге салады": Полиция қазақстандықтарға табиғи және тарихи нысандарды бүлдірмеуді ескертті

"Хайп үшін желіге салады": Полиция қазақстандықтарға табиғи және тарихи нысандарды бүлдірмеуді ескертті

Фото: Pixabay.com
Ішкі істер министрлігі соңғы кезде Қазақстанда тарихи, мәдени орындарда бүлдіру фактілері жиілегенін мәлімдеді. Осыған байланысты ведомство қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство соңғы уақытта әлеуметтік желіде "хайп үшін" табиғи және тарихи орындарды бүлдіру фактілері жиілегенін атап өтті. Мұндай әрекеттер елдің мәдени және табиғи мұрасына зиян келтіріп, заңмен жауапкершілікке әкелетінін еске салды.
"Табиғи ескерткіштер, қорықтар, ұлттық парктер мен тарихи нысандар Қазақстанның ұлттық байлығы және мемлекет қорғауында. Жартастарға жазу, ескерткіштерді немесе табиғи объектілерді бүлдіру зиянсыз әрекет емес, бұл заң бұзушылық", – делінген министрлік мәлімдемесінде.
Елімізде қылмыстық кодексінің 294-бабына ("Вандализм") сәйкес, мемлекет қорғауындағы нысандарды бүлдіргені үшін:
100-ден 2000 АЕК-ке (7 мыңнан 370 мың теңгеге) дейін айыппұл,
қоғамдық жұмыс,
50 тәулікке дейін қамау,
бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Министрлік әр азаматтың тарихқа, табиғатқа және айналаға құрметпен қарауы міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ вандализмнің кез келген түрі қатаң құқықтық баға алатынын және жазадан құтылу мүмкін еместігін ескертті.
11 мамыр 2026 ж. 152 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031