Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ЮНЕСКО-ның тізімінде еліміздің 10 тарихи ескерткіші бар - Аида Балаева

ЮНЕСКО-ның тізімінде еліміздің 10 тарихи ескерткіші бар - Аида Балаева

Фото: El.kz/Артем Чурсинов
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы жүйелі түрде жаңғыртылып, әлемге танытылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда еліміздің тарихи-мәдени мұрасын заманға сай жаңғыртып, жүйелі түрде дәріптеу қажет екенін атап өтті. Президент тапсырмасына сай, бай мұрамызды сақтап, насихаттау бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Материалдық және материалдық емес мұрамызды, құжаттық құндылықтарымызды дәріптеу – ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтап қана қоймай, еліміздің мәдени байлығын әлемдік деңгейде танытуға жол ашады, - дейді Аида Балаева.

Бүгінде еліміздегі тарихи-мәдени мұра объектілерінің саны 25 мыңнан асады.

Атап айтқанда, республикалық маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштер тізімінде 265 (екі жүз алпыс бес) ескерткіш болса, жергілікті маңызы бар 12 мыңнан аса тарих және мәдени ескерткіші тіркелді. Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімінде еліміздің 10 тарих және мәдени ескерткіші бар. Сонымен қатар министрлік Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің Ұлттық тізімін қайта зерделеп, бұған дейінгі 45 элементтің санын 79 элементке дейін арттырды, - дейді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның атынан Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне 14 элемент енгізілген. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл бағытта мемлекеттік органдармен, халықаралық қауымдастықтармен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру мақсатында, 2024 жылы министрлік жанынан арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында министрліктердің, әкімдіктердің, ғылыми-зерттеу институттарының, өңірлік университеттердің, түрлі салалар бойынша жетекші сарапшылар жұмыс атқаруда. Бұл ретте, ЮНЕСКО стандарттарына сәйкес мәдени және құжаттық мұраны сақтау мен дамытуға кедергі келтіретін бірқатар өзекті мәселелер анықталды, - дейді Аида Балаева.
23 сәуір 2025 ж. 243 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 194

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 194

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930