Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар демікпенің ауыр түрі несімен қауіпті екенін түсіндірді

Ғалымдар демікпенің ауыр түрі несімен қауіпті екенін түсіндірді

Каролин институтының мамандары 11 мыңнан астам науқастың деректерін талдап, оларды 20 жыл бойы бақылаған. Осы уақыт ішінде демікпенің ауыр түрімен ауыратын адамдар арасындағы өлім-жітім шамамен 34% болған, ал жеңіл түрлерінде бұл көрсеткіш 20% деңгейінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғалымдардың айтуынша, демікпенің өзі сирек жағдайда ғана өлімнің тікелей себебі болады. Негізгі қауіп қатар жүретін аурулар мен асқынуларға байланысты. Бұл туралы European Respiratory Journal басылымы жазды.
"Аурудың ауыр түрінде ағзада созылмалы қабыну үдерісі дамиды. Бұл қан тамырларының жұмысына кері әсер етіп, тромбоз қаупін арттырады, соның салдарынан инфаркт немесе инсульт болуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай науқастарда онкологиялық аурулар жиі анықталады, ал аурудың үнемі асқынуы тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйелеріне қосымша салмақ түсіреді", – деп қорытындылады ғалымдар
Зерттеушілер атап өткендей, демікпенің ауыр түрі барлық науқастардың тек 3–8%-ында кездеседі.
Бұған дейін АҚШ-та автобус жүргізушісінде демікпе ұстамасы болып, ол рөлде есінен танып қалғаны хабарланған. Автобус жолда теңселіп кеткен кезде 12 жастағы алтыншы сынып оқушысы Джексон Каснаве рөлді ұстап алып, көлікті жолдан шығармай ұстап қалуға тырысқан.
06 мамыр 2026 ж. 162 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 147

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 131

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30