Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауруды басатын дәрілердің өлімге алып келетін қауіптілігі анықталды

Ауруды басатын дәрілердің өлімге алып келетін қауіптілігі анықталды

Ғалымдардың мәлімдеуінше, диклофенак өлімге алып келетін аурулар қатерін 50 пайызға арттырады. Бұл туралы British Medical Journal медициналық журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Ғалымдардың зерттеуіне 46-49 жас аралығындағы 6,3 миллион адам қатысқан. Пациенттер жүрек аурулары пайда болу қатеріне байланысты төмен, орта және жоғары 3 топқа бөлінген.
Зерттеу барысында мамандар диклофенакты қабылдау мен жүрек-қан тамыраларының түрлі ауруы, көбіне жүрек соғуының ырғақсыздығы, ишемиялық инсульт, жүрек жеткіліксіздігі мен жүрек ұстамасы тәрізді аурулар арасындағы байланысты анықтады. Мұндай қиындықтар дәріні 30 күн қабылдағаннан кейін байқала бастаған. Ал мұндай теріс әсер дәрінің аз дозасын қабылдағандар арасында кездескен.
Сонымен қатар ғалымдар диклофенак немесе басқа да ауруды басатын дәрілерді қабылдаған пациенттерде жүрек ауруларының пайда болу жиілігін салыстырды. Нәтижесінде диклофенакты қабылдаған қатысушылар ибупрофен немесе напроксен қабылдағандармен салыстырғанда, жүрек ұстамасы орташа есеппен бір рет артық байқалыпты.
Сонымен қатар ауруды басу үшін диклофенак қолданғандар паарцетамол қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, жүрек ауруларынан 3 есе артық зардап шеккен.
Диклофенак — медициналық мақсатта қолдану үшін өмірлік маңызды әрі қажетті дәрілік заттар қатарына кіретін анальгетик.
Stan.kz
05 қыркүйек 2018 ж. 2 692 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930