Бабл-ти денсаулыққа қауіпті деп танылды
Фото: pinterest.comБабл-ти денсаулыққа қауіпті деп танылды. Оның құрамына қосылатын тапиока шариктері кей жағдайда ішек бітелуіне және тұншығуға әкелуі мүмкін. Бұл туралы "Осторожно, новости" Telegram-арнасына Пирогов университетінің Адам биологиясы және патологиясы институты патофизиология және клиникалық патофизиология кафедрасының аға оқытушысы Екатерина Титова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның сөзінше, тапиоканы сөйлесіп отырып немесе асығыс ішкен кезде ірі әрі жабысқақ шариктер өңешке емес, тыныс алу жолдарына түсіп кетуі мүмкін. Соның салдарынан адам тұншығуы ықтимал.
Сондай-ақ, маман тапиока шариктерін шамадан тыс көп жеп, жеткілікті мөлшерде су ішпеген жағдайда, олардың бір-біріне жабысып, түйірге айналуы және ішек бітелуін тудыруы мүмкін екенін ескертті. Сарапшы бес жасқа дейінгі балаларға тапиока бермеуге кеңес берді.
Бұған дейін дәрігер-диетолог әрі терапевт Регина Ахуньянова бабл-тидің қаупі туралы ескерткен еді. Оның айтуынша, тапиока шариктері қосылған бұл танымал сусынды жиі ішу салмақ қосуға, бауырға май жиналуына және инсулинге төзімділіктің дамуына әкелуі мүмкін.












