Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 мамыр күні ауа райы қандай болады

3 мамыр күні ауа райы қандай болады

3 мамыр күні ауа райы қандай боладыФото: istockphoto.com
2026 жылғы 3 мамырға, жексенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды. Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАЙЗАҒАЙ, ЖАҢБЫР
Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Көптеген өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Елдің оңтүстік бөліктерінде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі деп болжануда.
Тек республиканың солтүстігі мен шығысы антициклонның ықпалында болғандықтан, мұнда жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
ӨРТ ҚАУПІ БАР
Түнде Ақмола облысының батысында,Солтүстік Қазақстан облысында және Павлодар облысының батысында температура төмендеп, 1-2 градус үсік жүруі ықтимал. 
Қазақстанның бірқатар өңірінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының бірқатар ауданында сақтық шараларын сақтау маңызды.
Сонымен қатар Жетісу облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар екені ескертілді.
02 мамыр 2026 ж. 216 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031