Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк номиналы 1000 теңгелік жаңа монета шығарады

Ұлттық банк номиналы 1000 теңгелік жаңа монета шығарады

Фото: ҚР ҰБ
Ұлттық банк 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының құрметіне коллекциялық монета шығарады. Алайда оны кез келген адам сатып ала алмайды - таралымы небәрі 2000 дана, деп хабарлайды Tengri Life.
Мән-жайы
Ұлттық банктің баспасөз қызметі 5 мамырдан бастап "Спорт" сериясынан FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық күміс монеталары сатылымға шығатынын хабарлады.
Монеталар 925 сынамалы күмістен жасалып, алтын жалатылған, түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылған, салмағы 20 грамм, диаметрі 37 миллиметр, дайындау сапасы "proof", номиналы 1 000 теңге.
Монета реверсінің жоғарғы бөлігінде финалдық ойындарды қабылдайтын Канада, АҚШ және Мексика елдерінің жалауы бейнеленген. Ортасында жер шары континенттері мен "FIFA WORLD CUP 26 TM" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде FIFA-ның Әлем кубогы бейнеленген. Ал футбол добы кескінделген композицияның екі жағында футболшылардың бейнесін көруге болады.

Сурет
: nationalbank.kz сайты
Монеталардың Қазақстанның ішкі нарығына арналған таралымы 1 500 дана, сыртқы нарыққа - 500 дана.
Монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жататыны нақтыланды.
2026 жылғы футболдан Әлем чемпионаты
2026 жылы бірден үш елде: АҚШ, Канада және Мексикада өтетін футболдан ең ірі халықаралық турнир.
Бұл 48 құраманың қатысуымен өтетін алғашқы Әлем чемпионаты болмақ. Ол 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында өтеді. Турнирдің финалын АҚШ-та өткізу жоспарланған.
30 сәуір 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930