Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы Қазақстаннан ұшатын жаңа рейстер: тізім

2026 жылы Қазақстаннан ұшатын жаңа рейстер: тізім

2026 жылы Қазақстаннан ұшатын жаңа рейстер: тізімФото:depositphotos.com

Азаматтық авиация комитеті 2026 жылы қандай бағыттарды ашу немесе жандандыру жоспарланғанын хабарлады. Маршруттық желі кеңеймек: жаңа рейстер Қазақстанды шетелдік бірқатар танымал бағытпен байланыстырады. Толығырақ Tengri Travel материалында.

Жазға қарай қандай рейстер қосылады?

Халықаралық рейстер

Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, жазға қарай Қазақстаннан келесі рейстерді қосу жоспарланған:
  • Ларнака (Кипр);
  • Гуанчжоу (Қытай);
  • Батуми (Грузия);
  • Ұлан-Батыр (Моңғолия);
  • Сочи (Ресей);
  • Баку (Әзербайжан).
Сондай-ақ мына бағыттар бойынша маусымдық рейстер жанданады:
  • Самарқанд (Өзбекстан);
  • Ош (Қырғызстан);
  • Ыстықкөл (Қырғызстан);
  • Франкфурт (Германия);
  • Уфа (Ресей);
  • Қазан (Ресей).

Қандай халықаралық рейстер қосылды?

Азаматтық авиация комитеті дерегіне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері 9 бағыт бойынша халықаралық маршруттар ашылды:
  • Алматы – Шанхай (Қытай);
  • Орал – Ташкент (Өзбекстан);
  • Атырау – Ташкент;
  • Астана – Ереван (Армения);
  • Қостанай – Мәскеу (Ресей);
  • Ақтау – Мәскеу (Ресей);
  • Қарағанды – Новосибирск (Ресей);
  • Шымкент – Тюмень (Ресей);
  • Ақтау – Ереван.

2026 жылы қандай рейстер қосылады?

Ведомство биыл іске қосу жоспарланған тағы бірнеше рейсті атады.
"Сонымен қатар, биыл Алматы – Варшава, Ханой – Алматы – Прага, Астана – Ларнака, Алматы – Ларнака, Астана – Ұлан-Батыр, Шымкент – Баку және басқа да бірқатар жаңа халықаралық маршрутты ашу жоспарланып отыр", - деп хабарлады комитет.
Бұдан бөлек, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстанға қолданыстағы маршруттар бойынша ұшу жиілігін арттыру көзделген.

Ішкі рейстер

Азаматтық авиация комитеті жазға қарай отандық авиакомпаниялар қазақстандық курорттық аймақтарға маусымдық субсидияланатын рейстерді орындай бастайтынын қосып өтті:
  • Алматы – Балқаш;
  • Астана – Үржар;
  • Астана – Үшарал;
  • Алматы – Үржар;
  • Алматы – Үшарал;
  • Астана – Балқаш.
Комитет мәліметінше, қазір Қазақстаннан 25 елге 113 маршрут бойынша халықаралық рейстер орындалады. Қазақстандықтар арасындағы ең танымал бағыттар: Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Қытай, Ресей, Қатар, Корея, Мысыр, Вьетнам және Грузия.
Бұған дейін 1 мамырдан бастап Алматыдан Оңтүстік Кореяның Пусан қаласына жаңа тікелей рейс ашылатыны белгілі болған еді. Рейстерді EasternJet шетелдік авиакомпаниясы аптасына 2 рет орындайды.

30 сәуір 2026 ж. 35 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930