Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы Қазақстанда қандай әуежайлар мен рейстер пайда болады?

2026 жылы Қазақстанда қандай әуежайлар мен рейстер пайда болады?

2026 жылы Қазақстанда қандай әуежайлар мен рейстер пайда болады?Фото depositphotos.com
2026 жылы Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Әуе компаниялары бұрынғы кейбір бағыттарды қайта іске қосып, жаңа бағыттар ашады. Бұл туралы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жыл аяғына дейін елдің әуе паркі 9 жаңа ұшақпен толықтырылып, жалпы саны 118 бірлікке жетеді.
Томпиеваның айтуынша, 2026 жылдың аяғына дейін Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ, Таяу Шығысқа, Еуропаға және Азияға жаңа халықаралық рейстер ашылады.
Бағыттар қатарында: Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да қалалар бар.

Тағы не жоспарланған?
Биыл Қазақстанда Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарын салу басталады. Сондай-ақ, Алматыда ішкі рейстер терминалын қайта жаңғырту және Ақтауда перронға күрделі жөндеу жүргізу көзделген.
Сонымен қатар, өңірлік жобалар да жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде:

Атырау әуежайының жаңа терминалын салу,
Павлодар әуежайын реконструкциялау,
Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау,
Арқалық әуежайын қалпына келтіру.
01 қаңтар 2026 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031