Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылы Қазақстанда жаңа әуежайлар мен рейстер пайда болады

2026 жылы Қазақстанда жаңа әуежайлар мен рейстер пайда болады

2026 жылы Қазақстанда жаңа әуежайлар мен рейстер пайда боладыФото: depositphotos.com
2026 жылы Қазақстан халықаралық әуе қатынасын кеңейтуді жоспарлап отыр. Әуе компаниялары бұрынғы кейбір бағыттарды қайта іске қосып, жаңа бағыттар ашады. Бұл туралы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Жыл аяғына дейін елдің әуе паркі 9 жаңа ұшақпен толықтырылып, жалпы саны 118 бірлікке жетеді.
Томпиеваның айтуынша, 2026 жылдың аяғына дейін Орталық Азия мен ТМД елдеріне, сондай-ақ, Таяу Шығысқа, Еуропаға және Азияға жаңа халықаралық рейстер ашылады.
Бағыттар қатарында: Вена, Токио, Рим, Абу-Даби, Эр-Рияд, Даммам, Ларнака, Амман, Сиань, Шанхай, Үрімші, Қашғар, Варшава және басқа да қалалар бар.

Тағы не жоспарланған?

Биыл Қазақстанда Астана және Шымкент әуежайларында екінші ұшу-қону жолақтарын салу басталады. Сондай-ақ, Алматыда ішкі рейстер терминалын қайта жаңғырту және Ақтауда перронға күрделі жөндеу жүргізу көзделген.
Сонымен қатар, өңірлік жобалар да жүзеге асырылып жатыр, оның ішінде: 
  • Атырау әуежайының жаңа терминалын салу,
  • Павлодар әуежайын реконструкциялау,
  • Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлар құрылысын аяқтау,
  • Арқалық әуежайын қалпына келтіру. 

01 қаңтар 2026 ж. 241 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 168

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031