Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Найзағай, бұршақ, қатты жел: елдің жартысында ауа райы күрт бұзылады

Найзағай, бұршақ, қатты жел: елдің жартысында ауа райы күрт бұзылады

Фото: Pixabay
Қазақстанның бірнеше өңірінде бір мезетте үсік, найзағай және өрт қаупі күшейіп отыр. SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 29 сәуірге арналған дауылды ескертуді жариялап, елдің бірнеше өңірінде үсік, қатты жел, найзағай, бұршақ пен өрт қаупі күтілетінін хабарлады.
Синоптиктердің мәліметінше, Атырау облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында тұман түсіп, түнде кей аумақтарда 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі де күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай және дауыл болжанса, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Сонымен қатар тұман түсіп, кей аудандарда 3 градусқа дейін үсік болуы ықтимал. Оралда да ауа райы құбылмалы болады.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жел соғып, түнгі уақытта үсік жүреді.
Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталса, Шығыс Қазақстанда желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында найзағайлы жаңбыр, тұман және қатты жел күтіледі. Өңірдің батысында жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Жетісу облысында желдің екпіні кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар облыстың шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының шығысында түнде 1 градус үсік жүруі ықтимал. Қостанай облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Қарағанды облысында жел күшейіп, түнде шығысында үсік болады.
Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қаупі жарияланды.
Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ақтауда да найзағай болжанып отыр.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ал Ақмола облысында аздаған жаңбыр жауып, түнде үсік болуы мүмкін. Сондай-ақ Астанада түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді деп болжануда.
Бұдан бөлек, Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы аймақтарында 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Мамандар тұрғындарға қарлы беткейлерге шықпауға кеңес берді. 

29 сәуір 2026 ж. 48 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930