Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күн қайта суыта ма? Бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Күн қайта суыта ма? Бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: ©Pixabay.com
«Қазгидромет» синоптиктері 29 сәуір, сәрсенбі күні, Астана қаласы мен еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жариялады.
Елордада түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде таңертең және күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде өңірдің шығысында 1 градусқа дейін үсік күтіледі.
Ақтөбе облысының батысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Өңірдің батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін үсік болады. Ал оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Атырау облысының оңтүстік-шығысында да жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні өңірдің батысы, шығысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде солтүстік пен шығыста 3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін.
Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында 3 градусқа дейін үсік болжанып отыр. Орал қаласында да күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, тұман түсуі ықтимал.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыс және шығыстан соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде шығыста 1 градусқа дейін үсік күтіледі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай қаласында да осы уақыт аралығында жаңбыр мен найзағай болжанады.
Қызылорда облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Түнде және таңертең солтүстік-шығысында тұман түседі. Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді. Ақтауда да күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Абай облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде өңірдің батысы мен орталығында 2 градусқа дейін үсік болады. Орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары.
Жетісу облысында желдің екпіні шығысында секундына 15-20, кейде 25 метрге дейін жетеді. Өңірдің шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының шығысында түнде 1 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Батысында өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай мен дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.
29 сәуір 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930