Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу мен тексеруді мемлекет өз қолына алады

Қазақстанда ұялы телефондарды тіркеу мен тексеруді мемлекет өз қолына алады


Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда мобильді телефондарды тіркеу және верификациялау қызметін толықтай мемлекет жүзеге асыруы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бұл мәселе Үкімет деңгейінде қаралып, IMEI-кодтарды тексеру саласында жеке компаниялардың қызметінен бас тарту туралы шешім қабылданған.
Мемлекеттік монополияға көшу туралы шешім қабылданды. Яғни, телефондарды верификациялау қызметін тікелей мемлекеттік ұйым көрсететін болады, – деді вице-министр.

Қазіргі уақытта тиісті заңнамалық түзетулер Мәжілісте қаралып жатыр. Егер депутаттар бұл бастаманы қолдаса, бақылау функциялары мемлекетке толық тиесілі компанияға беріледі.
Қазір бұл қызметті ATS Mediafon KZ жеке компаниясы атқарып келеді. Ведомствоның мәліметінше, функцияларды мемлекетке беру елге жеткізілетін мобильді құрылғылар нарығын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.
29 сәуір 2026 ж. 133 0

Уақып - сарқылмас қазына

26 маусым 2026 ж. 97

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930