Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

Қазақстанға заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

Цифрлық даму министрлігі абоненттік ұялы байланыс құралдарын тіркеу қағидаларына түзетулер енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Елімізде жалған телефондарды “сұр” импортпен жеткізу белең алды. Сондай-ақ олардың IMEI-коды қайталанады. Қазір Қазақстандағы ұялы байланыс компанияларының желілерінде IMEI кодтары қайталанатын 3,7 миллионға жуық абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекетке жоғалуы мүмкін салықтар мен төлемдер түріндегі тікелей шығын жылына 100 миллиард теңгеден асады. Осыған байланысты басқа да салықтардың төленбеуін (ҚҚС, КТС, СН және т.б.) есепке алғанда, мемлекетке 150 млрд теңге шығын келді.

Сонымен қатар IMEI кодтары қайталанатындықтан ол құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және бұғаттау бойынша жедел жұмыстарды тиімді жүргізуге кедергі келтіреді.

   
Қазақстанда ұялы телефондардың үш тізімін енгізу ұсынылады: ақ, сұр және қара.
Бұл механизм:
    заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;
    кедендік және салықтық төлемдерден түсетін мемлекет кірістерін ұлғайтуға;
    клондалған және жалған құрылғыларды 99%-ға азайтуға;
    мобильді құрылғыларды ұрлау, жеке басын куәландыру сияқты алаяқтықпен байланысты қылмыстарды азайтуға;
    реттелетін және бақыланатын электроника нарығы арқылы халықаралық инвестицияларды ұлғайтуға, сондай-ақ әділ бәсекеге қабілетті бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік бермек.


19 тамыз 2024 ж. 168 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930