Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда енді 14 жастан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіппен айналысуға болады

Қазақстанда енді 14 жастан бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсіппен айналысуға болады

Фото: ЖИ
Елімізде 14 жасқа толған жасөспірімдер жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, бизнеспен айналыса алады. Ол үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі болуы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кәсіпкерлік кодексте жеткіншектердің өз ісін жүргізуіне ешқандай кедергі жоқ. 14 жастан асқан ұл-қыздар екінші деңгейдегі банктер немесе е-Salyq business мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыра алады. Бірақ міндетті түрде заңды өкілдердің келісімі керек. Ал келісім болмаған кезде қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі, кәмелетке толмаған адамды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі берілуі шарт.
Алайда бұған тұрғындардың көзқарасы әртүрлі.
“14 жас деген тым ерте ғой. Алаяқтар өте көп, соларға алданып қалуы мүмкін. 16 жас болса, ойланып көруге болады”, “Ата-анасы өз бизнесін балаға жазып қойғаны қате. Ал бала мобилограф, SMM-маман болып жұмыс істесе, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені дұрыс деп ойлаймын”, – деді тұрғындар.

28 сәуір 2026 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930