Көлік құралы салығы

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2023 жылға төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады.
Салық қарызын қайдан көруге болады?
Көлік құралдарына салынатын салық сомасын kgd.gov.kz web-порталындағы калькулятордың көмегімен және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге, есеп айырысу сальдосын анықтау мақсатында салық органдары жыл сайын жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты тиісті жылға есептейді.
Есептелген салық сомалары бойынша ақпарат 2024 жылғы 15 наурыздан кейін «Каспи банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберілетін болады. Аталған мобильді қосымшалардың барлық пайдаланушылары 2023 жылғы көлік құралдарына салынатын салықтың есептелген сомасын көре алады және оны төлей алады.
2024 жылғы 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген адамдарға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама жіберілетін болады.1 АЕК (3 450 теңге) астам берешек сомасы бойынша хабарлама тапсырылғаннан отыз жұмыс күнінен кейін жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығы автоматты түрде қалыптастырылады және борышкерге жіберіледі. Берешек табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға беріледі.
[19:07, 12.04.2024] Арайлым Қуантқанқызы: Дара кәсіпкер ретінде тіркелу
Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою хабарлама жіберу тәртібіне ауыстырылды.
Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама электрондық түрде ұсынылады:
– Қазақстан Республикасының e–license электрондық лицензиялау порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады;
– екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
– «e–Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы.
Егер өтініш беруші кәмелетке толмаған жағдайда, хабарламаға заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде – неке қию (ерлі–зайыптылық) туралы куәліктің көшірмесі не қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе кәмелетке толмаған адамды толық әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі қоса беріледі.
Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы мен қандастардан басқа, ҚР аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының, Қырғыз Республикасының, Беларусь Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Армения Республикасының азаматтарының жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыра алады.
С.ӨТЕГЕНОВ,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы