Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамыр айындағы мерекелерде қайда баруға болады?

Мамыр айындағы мерекелерде қайда баруға болады?

Сиверс алма ағашының гүлдеуінен бастап PGL Astana мен этнофестивальдерге дейін.
Мамыр айындағы мерекелерде қайда баруға болады?
Фото: iStock
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне енген мамыр айындағы бірқатар негізгі жобалардың өтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Қазақстанда мамыр айы мерекелер мен ұзақ демалыстардың көптігіне байланысты жыл сайын ең мазмұнды кезеңдердің бірі саналады. Бұл – ел ішінде саяхаттап, жаңа өңірлерді танып, түрлі мәдени және туристік іс-шараларға қатысуға қолайлы уақыт.
Биылғы күнтізбеге енген 55 ірі іс-шара ішкі туризмді дамытуға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді ілгерілетуге бағытталған.
Жыл басынан бері күнтізбе аясында бірқатар іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олардың қатарында Burabay Ice фестивалі, қысқы дрифт кубогы, «Амал келді – жыл келді» халықаралық гастрономиялық фестивалі, Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі, сондай-ақ мыңдаған көрермен мен туристі жинаған Шымкенттегі «Дәмдәстүр» фестивалі бар.
Мамыр айындағы бағдарлама осы игі үрдісті жалғастырып, туристерге демалыстың түрлі форматтарын ұсынады. Табиғи және этномәдени фестивальдерден бастап халықаралық жарыстарға дейін. Айта кетейік, іс-шаралар күнтізбесіндегі барлық мәлімет event.qaztourism.kz бірыңғай платформасында қолжетімді. Онда күндер, өтетін орындар мен форматтар туралы өзекті ақпарат ұсынылған. Бұл туристерге сапарларын алдын ала жоспарлап, ыңғайлы бағытты таңдауға мүмкіндік береді, - делінген министрліктің ақпаратында.
27 сәуір 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930