Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

Almaty.tv
Көктемнің соңғы айында 3 бірдей мемлекеттік мереке аталып өтеді. 2025 жылдың мамыр айындағы мереке күндері мен демалыс күндерін ескерсек, қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды
Almaty.tv.

Мамыр айында барлық мереке апта ортасына түсіп отыр: 1 мамыр – бейсенбі, 7 мамыр – одан кейінгі аптаның сәрсенбісі, ал 9 мамыр жұмаға сәйкес келеді. Осыған байланысты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күндерін ауыстыру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңның 3-бабына сәйкес 2025 жылы қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр (бейсенбі);
Отан қорғаушы күні – 7 мамыр (сәрсенбі);
Жеңіс күні – 9 мамыр (жұма).
Осылайша, қазақстандықтар:

бес күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамырда демалады, 2 мамыр – жұмыс күні, 3 және 4 мамыр – күнтізбелік демалыс күндері, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – мерекелік демалыс күні, 8 мамыр – жұмыс күні, 9, 10, 11 мамыр – мерекелік демалыс күндері.
алты күндік жұмыс аптасы бойынша: 1 мамыр – мерекелік демалыс, 2 және 3 мамыр – жұмыс күндері, 4 мамыр – демалыс күні, 5 және 6 мамыр – жұмыс күндері, 7 мамыр – мерекелік демалыс күні, 8 мамыр – жұмыс күні, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс, 11 мамыр – күнтізбелік демалыс күні.
Дегенмен мамырда кәсіби және басқа мерекелер аталып өтеді. Жұмыс күндеріне қарамастан, ол мерекелерді қатысы бар кәсіп иелері атап өтеді.

Кәсіби мерекелердің тізімі ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығының редакциясында жарияланған және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енген.

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
25 мамыр (мамыр айының соңғы жексенбісі) – Химиялық өнеркәсіп қызметкерлері күні.
БҰҰ КҮНТІЗБЕСІ

2 мамыр – Дүниежүзілік тунец күні;
3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні;
4 мамыр – Білім беру ұйымдарындағы буллингке және қысым жасауға қарсы күрес күні;
5 мамыр – Дүниежүзілік акушерлер күні;
8 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және татуласу күні;
9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және татуласудың екінші күні;
10 мамыр – Халықаралық арган күні (аргания ағашы) ;
11 мамыр – Дүниежүзілік жыл құстары күні;
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;
16 мамыр – Халықаралық бейбітшілікте бірге өмір сүру күні; Халықаралық жарық күні;
17 мамыр – Дүниежүзілік ақпараттық қоғам күні;
20 мамыр – Дүниежүзілік ара күні;
21 мамыр – Дүниежүзілік диалог пен даму үшін мәдени алуантүрлілік күні; Халықаралық шай күні;
22 мамыр – Весак күні (Будданың туған күні); Халықаралық биологиялық алуантүрлілік күні;
25 мамырдан бастап – өзін-өзі басқармайтын аумақ халықтарымен ынтымақтастық апталығы;
29 мамыр – БҰҰ бітімгершілік күштерінің халықаралық күні;
31 мамыр – Дүниежүзілік темекісіз күні.

---
17 сәуір 2025 ж. 204 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 70

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 70

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 69

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 64

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930