Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қатар стратегиялық серіктестікті нығайту туралы келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Қатар стратегиялық серіктестікті нығайту туралы келіссөз жүргізді

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Қатар мемлекетіне ресми сапары барысында Қатардың Премьер-Министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Танимен келіссөздер өтті.

Фото: ҚР СІМ
Кездесу барысында екі тарап қазақ-қатар стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен оның даму мүмкіндіктерін талқылады. Негізгі назар саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға аударылды. 
Жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалог екіжақты қатынастарды алға жылжыту және бұрынғы келісімдерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратыны айтылды. 
Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де кеңінен қаралды. Энергетика, телекоммуникациялар, цифрлық технологиялар, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және басқа да басым салалардағы бірлескен жобалардың уақтылы және сапалы іске асырылуының маңызы атап өтілді.
Фото: ҚР СІМ
Ермек Көшербаев Қатарды Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді және жақын әріптесі ретінде сипаттап, екіжақты қатынастардың стратегиялық сипаты мен өзара сенім деңгейін жоғары бағалады.
Шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тани Қазақстан мен Қатар арасындағы қатынастардың даму қарқынын оң бағалап, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайындықтарын білдірді.
Мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық та талқыланды. Биылғы жылдың ақпан айында Қатарда өткен Қазақстан мәдениеті күндерінің екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал еткені атап өтілді.
Сонымен қатар тараптар туристік ағындардың өсуін атап, Қазақстан мен Қатар арасындағы тікелей әуе қатынасын дамыту қажеттігін айтты. Бұл екі ел арасындағы байланыстарды әрі қарай нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін СІМ басшысы Ислам ынтымақтастығы ұйымымен өзара іс-қимылды жалғастыруға келіскенін жазғанбыз. 

26 сәуір 2026 ж. 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930