Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2025 жылы Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымында төрағалықты қабылдайды

2025 жылы Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымында төрағалықты қабылдайды

Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу келесі жылы Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымында төрағалықты қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) мүше мемлекеттерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 28-ші отырысына қатысты.

Кездесу барысында делегация басшылары ЭЫҰ аясында өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылап, өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды қарастырды. Сыртқы істер министрі өз сөзінде 2025 жылы Қазақстанның ұйымда төрағалықты қабылдайтынын және оны "Өңірлік көлік байланысы мен тұрақты дамуды ілгерілету" ұранымен өткізетінін мәлімдеді.

Қазақстан саяси ведомствосының басшысы екіжақты сауда ынтымақтастығын жандандыруға және осы бағытта нақты шараларды әзірлеуге ерекше назар аударды. Осы тұрғыда ол Астана мен Тегеран арасындағы экономикалық қатынастарға жаңа серпін беретін Иранға жоспарланған жоғары деңгейдегі алдағы сапарлар туралы айтты

Өз кезегінде А.Аракчи аса жоғары және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдерді іске асыру үшін екі елдің үлкен әлеуетін толық пайдалануға дайын екенін жеткізді.

Тоқаев ҰҚШҰ-ның кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты: Қатысушылар тәжік-ауған шекарасын нығайту туралы бағдарлама қабылдады
Кездесу барысында министрлер көлік-логистика саласындағы және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылап, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша "сағаттарды теңестірді".

Еске салайық, бұған дейін Дүниежүзілік банк Қазақстандағы көлік жолдарына 650 млн доллар қаржы бөлетінін жаздық. Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммиті аясында Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті. Мемлекет басшысы еліміздің Дүниежүзілік банкпен стратегиялық серіктестігінің мәнін ерекше атап өтті. Президенттің айтуынша, бүгінде қаржы институтымен бірлесе су ресурстары, көлік және білім беру салаларында жалпы құны 3,5 миллиард доллар болатын бес ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
04 желтоқсан 2024 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031