Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады

Қазақстан мен Грекия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нақтылады

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының Елшісі Антония Кацуруды қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар қазақ-грек ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстар кестесін талқылады. Саяси диалог пен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара әрекеттестіктің оң динамикасы аталып өтті.
«Грекия – Жерорта теңізі өңіріндегі Қазақстанның маңызды серіктесі. Біз шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және екіжақты деңгейде де, халықаралық ұйымдар аясында да ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенімізді білдіреміз», – деп атап өтті А.Исетов.
Өз кезегінде, А.Кацуру Афинаның Қазақстанмен жан-жақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ұмтылысын атап, туризм саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.
Кездесу соңында тараптар саяси диалогты тұрақты түрде қолдауға және барлық бағыттар бойынша қазақ-грек серіктестігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
05 наурыз 2026 ж. 176 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930