Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
Фото: pexels.comҰлттық банк мәліметінше, 2026 жылғы наурызда жылдық инфляция 11%-ға дейін баяулаған (ақпанда – 11,7%). Оның ішінде азық-түлік инфляциясы – 11,7% (12,7%), азық-түлікке жатпайтын инфляция – 11,3% (11,6%), сервистік инфляция – 10,0% (10,8%).
– Инфляцияның баяулауына бірқалыпты қатаң ақша-кредит шарттары, айырбас бағамының қолайлы серпіні, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы және Үкіметтің инфляцияға қарсы шаралары әсер етті. Наурызда айлық инфляция 0,6%-ға дейін төмендеді. Дегенмен оның деңгейі 5% нысаналы көрсеткіштен жоғары болып қалып отыр, бұл инфляциялық қысымның сақталғанын білдіреді, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар халықтың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде қалып отыр: алдағы бір жылға арналған болжам 14,6%-ды (13,7%) құрады. Нарық қатысушыларының 2026 жылға арналған күтулері 10% деңгейінде.
Сыртқы факторларға келсек, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың шиеленісуі энергия ресурстары, азық-түлік пен тыңайтқыш бағасының өсуіне әкеліп, әлемдік инфляциялық қысымды күшейтті.
Ресейде инфляция әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр.
Ал Еуроаймақ пен АҚШ-та инфляцияның жеделдеуі белгісіздікті арттырып, орталық банктердің пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдыруына себеп болды.
Алдын ала деректерге сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан экономикасы 3,0%-ға өсті. Мұнай секторындағы баяулауға қарамастан, құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі және сауда салаларындағы жоғары белсенділік жалпы өсімді қамтамасыз етті.
– Проинфляциялық тәуекелдер негізінен сыртқы қысымның күшеюіне байланысты. Сонымен қатар тарифтердің өсуі, реттелетін бағалардың артуы және фискалдық саясаттағы өзгерістер инфляцияға қосымша әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ақша-кредит шарттарын жұмсарту мәселесі дезинфляциялық үрдістердің тұрақтылығы расталғаннан кейін ғана қаралады, – деп хабарлады Ұлттық банк.
Реттеуші инфляция динамикасын, ішкі сұранысты, бюджет шығындарын және сыртқы факторларды бақылауды жалғастыратынын атап өтті. Қазіргі үрдістер сақталған жағдайда алдағы кезеңде базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.
ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімі 2026 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Айта кетейік, наурыздың басында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдың екінші жартысында төмендету мүмкіндігін қарастыратыны хабарланған.

24 сәуір 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930