Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2028 жылдың соңына қарай инфляция 5% мақсатты деңгейге жақындайды

2028 жылдың соңына қарай инфляция 5% мақсатты деңгейге жақындайды

2028 жылдың соңына қарай инфляция 5 пайыздық мақсатты деңгейге жақындайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
Фото: Shutterstock
— 2027 жылға арналған инфляция болжамы өзгеріссіз қалды. Ол 5,5–7,5 пайыз деңгейіне дейін баяулайды деп күтіледі. Болжам кезеңінде инфляцияның біртіндеп төмендеуіне қатаң ақша-кредит саясаты, салық-бюджет консолидациясы және Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен шаралары ықпал етеді. Экономиканы қолдау бағдарламалары тиімді іске асып, отандық өндірістік әлеует кеңейген жағдайда, 2028 жылдың соңына қарай инфляция 5 пайыздық мақсатты деңгейіне жақындайды, — деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасы инфляциялық тәуекелдер де бар екенін ашық айтты.
— Олар сыртқы инфляцияның жеделдеуімен, инфляциялық күтулердің жоғары болуымен және реттелетін бағалардың, жанар-жағармайдың және ҚҚС-тың өсуінен туындайтын жанама әсерлермен байланысты. Тағы бір маңызды фактор — квазимемлекеттік сектор арқылы экономиканы қаржыландыру көлемі мен шарттары. Мұндай қаржы ағындары тым ауқымды болса, инфляциялық қысымды күшейтіп, республикалық бюджеттің нығаю әсерін әлсіретуі мүмкін. Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндай қолдау көлемі ЖІӨ-нің шамамен 5 пайызына тең болды. Осындай ауқымды қаржыны экономикаға бір мезетте құю, инвестициялар онсыз да жоғары жағдайда инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін, — деді ол.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

06 наурыз 2026 ж. 55 0

6 наурызға валюта бағамы

06 наурыз 2026 ж. 49

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031