Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жердің тозуы мен шөлейттенуге қарсы Қазақстан қалай күресіп жатыр

Жердің тозуы мен шөлейттенуге қарсы Қазақстан қалай күресіп жатыр

Елімізде «жасыл қалқан» қалыптастыру мақсатында айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Бұл жөнінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Өңірлік экологиялық саммитте мәлімдеді.
Фото:
pexels.com
— Жарқын мысал ретінде Астананың айналасына 1997 жылдан бастап өсірілген жасыл белдеуді атауға болады. Бүгінде аталған орман алабының көлемі — 102 мың гектар. Демек, топырағы ағаш өсіруге құнарсыз жердің өзіне ғылымның, ұзақ мерзімді жоспардың және кәсіби жұмыстың арқасында орман жайқалтуға болады, — деді ол.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының тапсырмасымен, бұл мақсаттағы жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
— Мемлекеттік орман қорында 2 млрд, ал елдімекендерде 15 млн ағаш отырғызу жоспарда бар. Бұл жобалар елдің «жасыл қаңқасын» қалыптастырып, климаттық өзгерістердің алдын алады әрі халықтың өмір сапасын жақсартады, — деді министр.
Оның сөзінше, 2021 жылдан бері мемлекеттік орман қорында 1 млрд 648 млн көшет отырғызылған. Ал елдімекендерде 18,1 млн ағаш егілген.
Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арнғалған концепциясы «Таза Қазақстан» да бұл бағытқа тың серпін беріп келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Жапония Қазақстанға қандай жобаларды атқаруға көмектесетінін жазғанбыз.

23 сәуір 2026 ж. 38 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930