Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстан аумағында 410 млн түп ағаш отырғызылады

Биыл Қазақстан аумағында 410 млн түп ағаш отырғызылады

Биыл 188,8 мың гектар алқапқа 409,4 млн түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл жайында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды inform.kz.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік орман қорының жалпы аумағы - 30,5 млн гектар, оның ішінде орман жапқан аумақ - 13,6 млн гектар. Мемлекет басшысының орман қоры жерлерінде 2 млрд түп ағаш отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында әр өңірде орманды молықтыру және ағаш өсіру кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Айталық, 2021 жылы - 130 млн түп, 2022 жылы - 282 млн түп ағаш отырғызылып, жылдық жоспар 100 пайыз орындалды. Биыл 188,8 мың гектар алқапқа 409,4 млн түп ағаш отырғызу жоспарланған», - деп атап өтеді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.
Оның айтуынша, орман қорын толықтыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлы жүзеге асыру 2029 жылға қарай орман жапқан жер аумағын 14,5 млн гектарға дейін жетізге мүмкіндік береді.
«Бұған қоса, экологиялық ахуалды жақсарту үшін Арал теңізінің құрғап қалған табанында фитоорманмелиоративтік жұмыс жүргізіліп жатыр. 2025 жылға дейін 1,1 млн гектар аумаққа сексеуіл көшетін отырғызу жоспарланған», - деді ол.
16 наурыз 2023 ж. 306 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031