Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ормандарды қалпына келтіру үшін 1,5 млрд көшет отырғызылды

Қазақстанда ормандарды қалпына келтіру үшін 1,5 млрд көшет отырғызылды

istockphoto.com
Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елді көгалдандыру жөніндегі ауқымды бағдарламаның жүзеге асырылу барысы және орман қорын сақтау жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомство басшысы елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызу бойынша тапсырма толық көлемде орындалғанын – 18,1 млн ағаш отырғызылғанын хабарлады.
Орман қорында 2 млрд ағаш отырғызу міндетін жүзеге асыру жалғасуда: 2021-2025 жылдары 1,5 млрд көшет отырғызылды. Келесі жылы 208 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарлануда.
«Біз ағаш отырғызу көлемін арттырып қана қоймай, бар ормандарды өрттен қорғауды күшейтеміз. 2025 жылы 355 бірлік арнайы техника сатып алынды, ал келесі жылдың басында тағы 697 бірлік жеткізіледі. Өртті ерте анықтау жүйесі қазірдің өзінде 1,6 млн гектарды қамтиды, 2026 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 5,4 млн гектарға жетеді», — деп атап өтті Ерлан Нысанбаев.
Шөлге айналуға қарсы белсенді жұмыс жүргізілуде. Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін зерделеу мақсатында Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылды, ал экожүйені қалпына келтіру үшін ауданы 1,3 млн гектардан асатын «Арал орманы» резерватын құру бойынша шаралар қабылдануда.


19 желтоқсан 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031