Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі авто мектептердің жүздеген оқу тобы тоқтатылды

Еліміздегі авто мектептердің жүздеген оқу тобы тоқтатылды

автомектепФото: Propdd
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі еліміздегі авто мектептердің қызметін тексеру шараларын жүргізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қазір республика бойынша жүргізушілерді даярлаумен айналысатын 727 авто мектеп тіркелген. Тексеру барысында олардың біразынан елеулі кемшіліктер анықталған.
Атап айтқанда, автодромдарда қажетті жол белгілерінің, жол таңбаларының, жарықтандыру жүйелерінің болмауы және оқу көліктерінің техникалық ақаулары үшін 20 нұсқама берілген.
Сонымен қатар, тексеріс кезінде 59 авто мектептің оқу үдерісіне міндетті техникалық байқаудан өтпеген және сақтандыру полистері жоқ автокөліктерді пайдаланғаны белгілі болды.
Осы заң бұзушылықтар үшін ІІМ Әкімшілік полиция комитеті жалпы саны 701 оқу тобының қызметін уақытша тоқтатты.
Қазіргі таңда авто мектептердің есебін жүргізу және оқу топтарын тіркеу «Автомектеп» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе жүргізуші куәлігін берудің заңдылығын, оқу бағдарламаларын, оқу автокөліктерін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, авто мектептердің қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту үшін «Жол қозғалысы туралы» Заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленді. Бұл заң жобасы авто мектептерді ашудың хабарлама тәртібінен рұқсат беру тәртібіне көшуді ұсынады. Қазіргі уақытта аталған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр.
Қазақстанда автомобиль өндірісі қарқынды өсуде. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында елде 45 260 автокөлік пен техника шығарылған, бұл былтырғы көрсеткіштен 36,8%-ға жоғары.
23 сәуір 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930