Бақылау-касса машинасының чегі қандай ақпаратты қамтуы тиіс?
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 166-бабына сәйкес, қолма-қол ақшалай есеп айырысулар арқылы өз қызметтерін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер бақылау касса машиналарын қолдануға міндетті.
Бақылау касса машиналарын қолдану кезінде мынандай талаптар қойылады:
1. Ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызмет басталғанға дейін бақылау касса машинасын салық органында есепке қою қажет.
2. Әрбір тауар, жұмыс, көрсетілетін қызмет үшін төленген сомаға бақылау касса машинасының чегін беру қажет.
Сондай-ақ бақылау касса машинасының чектері мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс.
1. Салық төлеушінің атауын;
2. Салық төлеушінің сәйкестендіру номерін;
3. Бақылау касса машинасының зауыттық номерін;
4. Бақылау касса машинасының салық органындағы тіркеу номерін;
5. Чектің реттік номерін;
6. Тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күні мен уақыты;
7. Тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8. Бақылау касса машинасы пайдалатын жердің мекенжайын;
9. Бақылау касса машинасынң түбіртегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты қамтуы тиіс;
Егерде, жоғарыдағы талаптарды сақтамай деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау касса машиналарын тіркемеген жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284 бабына сәйкес жауапкершілік көзделетінін ескертеді.
Толық ақпаратты Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Пірімов көшесі №3-ғимаратта орналасқан Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Салық төлеушілермен жұмыс» бөлімінен немесе 22-1-47 телефоны арқылы алуға болатындығын хабарлайды.
Г.ЖАКСЫБАЕВА,
Қазалы ауданы бойыншы Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы