Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Amanat: Қазалыда 50-ден астам жас жасанды интеллект курсына қатысуда

Amanat: Қазалыда 50-ден астам жас жасанды интеллект курсына қатысуда

Бүгін «Руханият» орталығында заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті меңгеруге бағытталған оқыту курсының ашылуы өтті. Бұл шара наурыз айында Қызылорда қаласында өткен өңірлік тренерлерді даярлауға арналған «AMANAT AI ToT» бағдарламасы аясында білім алған жастар мен мұғалімдердің нақты жұмысының жалғасы болып табылады.

Ашылу рәсіміне партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен «Жастар Рухы» ЖҚ аудандық бөлімшесінің жетекшісі, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов қатысып, жобаның маңыздылығына ерекше тоқталды. Олар өз сөздерінде бүгінгі цифрландыру дәуірінде жасанды интеллектті меңгерудің маңызы артып отырғанын атап өтіп, бұл курс аудан жастары үшін үлкен мүмкіндік екенін жеткізді.

«Бұл бастама тек білім беру алаңы ретінде ғана шектелмейді. Бұл – аудан жастарының ой-өрісін кеңейтіп, заманауи технологияларды терең меңгеруіне, жаңа цифрлық дағдыларды қалыптастыруына және жаһандық өзгерістерге бейімделуіне мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Алдағы уақытта курсқа қатысушылар алған білімдерін тек тәжірибеде қолданып қана қоймай, өз ортасында цифрлық мүмкіндіктерді ілгерілетуге және қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыруға елеулі үлес қосады деп күтілуде», – деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.

Аталған оқыту курсына 50-ден астам кент, қала және ауыл жастары белсенді түрде қатысуда. Оқыту екі күнге созылады.

#AMANAT
16 сәуір 2026 ж. 8 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930