Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысына келген туристер саны 25,4% көбейді

Қызылорда облысына келген туристер саны 25,4% көбейді

Фото: Нұрболат Нұржаубай
Өткен жылы Қызылорда облысына 212 мыңнан астам турист келген. Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, бұл көрсеткіш алдыңғы жылғыдан 25,4%-ға артық. Қызмет көрсету көлемі 3 млрд 288 млн теңгеге, яғни 42,8%-ға өсті.
— Туристер мен жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қайта жаңғыртылған теміржол вокзалы мен Қорқыт ата әуежайына үш тілде ақпарат беретін виртуалды карталар мен QR кодтар орнатылды. Сондай-ақ заманауи музей ашылып, демалыс парктері жаңартылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халық көп шоғырланатын орындарға 102 және SOS дабыл батырмалары қойылды. Туристік инфрақұрылымды дамытуда бес, үш жұлдызды қонақүйлер салынып, аудандардағы теміржол вокзалдары жаңғыртылып жатыр. Туристендіру картасына енген 13 нысанда нақты іс-шаралар қолға алынды. Жергілікті бюджет есебінен Жосалы кентінен Марал баба кесенесіне дейінгі 6,5 шақырым жол жөнделді. Байқоңырдағы зымыран ұшырылымын көрушілерге арналған 400 орындық заманауи киіз үй форматындағы бақылау пункті ашылды, — делінген хабарламада. 
Орталық Азиядағы алғашқы GeoparkAral жобасы Қызылорда облысының Арал ауданында пайда болды. Оны құрудағы мақсат — табиғи және геологиялық мұраны сақтау, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, геотуризмді дамыту.
Еске салайық, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласы негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетті.
17 сәуір 2026 ж. 49 0

Үш облыста жол ашылды

17 сәуір 2026 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930