Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстық пен дауыл: 19 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстық пен дауыл: 19 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото:depositphotos.com
Синоптиктер 19 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық пен қатты жел болатынын болжайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана - түнде +15+17 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз +21+23 градус, көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.
Алматы - түнде +23+25 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8, күндіз екпіні 13 метр секундқа дейін. Күндіз +36+38 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.
Шымкент - түнде +21+23 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз қатты ыстық +39+41 градус, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Абай облысы - түнде +16+21, облыстың оңтүстігінде +25 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14, түнде облыс орталығында 15-20 метр секундқа дейін, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 метр секундқа дейін. Күндіз қатты ыстық +32+37, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық +42 градус. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады.

Алматы облысы - түнде +22+27, таулы аудандарда +13+18 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз +33+38, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында +42, таулы аудандарда +23+28 градус. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай ойнайды.

Ақмола облысы - түнде +12+17, облыстың батысында, солтүстігінде +8 градус, жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақытта екпіні 23 метр секундқа дейін. Күндіз +19+24 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады.

Ақтөбе облысы - түнде +15+20, облыстың оңтүстігінде +23, солтүстігінде +12 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 метр секундқа дейін. Күндіз +25+30, облыстың оңтүстігінде +34 градус, жауын-шашынсыз.

Атырау облысы - түнде +20+25 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 метр секундқа дейін. Күндіз +34+39 градус, жауын-шашынсыз.

Шығыс Қазақстан облысы - түнде +18+23, облыстың солтүстігінде, шығысында +13 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 метр секундқа дейін, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 метр секундқа дейін. Күндіз қатты ыстық +32+37, облыстың оңтүстігінде өте қатты ыстық +40, облыстың шығысында +28 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады.

Жамбыл облысы - түнде +21+26, таулы аудандарда +17 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз +37+42, таулы аудандарда +34 градус, таулы аудандарда өткінші жаңбыр, найзағай соғады.

Жетісу облысы - түнде +18+23, облыстың шығысында +26, таулы аудандарда +12 градус, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз қатты ыстық +34+39, облыстың шығысында, орталығында өте қатты ыстық +42, таулы аудандарда +29 градус, таулы аудандарда аздаған жаңбыр, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысы - түнде +17+22 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 7-12 метр секундқа дейін. Күндіз +27+32, облыстың оңтүстігінде, батысында +35 градус, жауын-шашынсыз.

Қарағанды облысы - түнде +17+22, облыстың оңтүстігінде +25 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 метр секундқа дейін. Күндіз +25+30, облыстың оңтүстігінде қатты ыстық +36 градус, жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл тұрады.

Қостанай облысы - түнде +10+15, облыстың оңтүстігінде +18 градус, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Облыстың батысында тұман. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз +20+25, облыстың оңтүстігінде +28 градус, жауын-шашынсыз.

Қызылорда облысы - түнде +23+28 градус, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14, таңертең және күндіз облыстың шығысында, орталығында 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз +35+40 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады.

Маңғыстау облысы - түнде +25+30 градус, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 7-12, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15 метр секундқа дейін. Күндіз +35+40, облыстың оңтүстігінде +43 градус, жауын-шашынсыз.

Павлодар облысы - түнде +15+20 градус, жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан 9-14, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін, күндіз 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз +23+28 градус, жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысы - түнде +8+13, облыстың шығысында +16 градус. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 метр секундқа дейін, күндіз 15-20 метр секундқа дейін, шығысында, оңтүстігінде екпіні 25 метр секундқа дейін. Күндіз +19+24 градус. Облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.

Түркістан облысы - түнде +18+23, облыстың солтүстігінде, батысында +26 градус, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз қатты ыстық +38+43, таулы аудандарда +35 градус, жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Ұлытау облысы - түнде +18+23 градус, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метр секундқа дейін. Күндіз +29+34, облыстың солтүстігінде +26 градус, жауын-шашынсыз.
19 шілде 2025 ж. 185 0

Жаңа мешіт бой көтеруде

19 шілде 2025 ж. 153

Суға да сақтық керек

19 шілде 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031