Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бұрқасын, қар, көктайғақ: 30 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Бұрқасын, қар, көктайғақ: 30 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады
Бұрқасын, қар, көктайғақ: 30 желтоқсанда ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com
Синоптиктердің болжауынша 30 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Соған байланысты жаңбыр мен қар жауады, елдің солтүстік-батысында қалың қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жарма ауданында екпіні 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5–10 градус аяз, облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15–20 градус аяз, күндіз 4 градус аяз – 1 градус жылы, облыстың шығысында 8–13 градус аяз болады.
 Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады, тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с жылдамдықпен соғады, кей уақытта 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 0–5 градус аяз, күндіз 2 градус аяз – 3 градус жылы болады.
Ақтөбе облысында түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауады, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысы мен шығысында аздаған қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, 5–10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 10–15 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 7–12 градус аяз, оңтүстігінде 4 градус аяз болады.
Алматы облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде облыстың оңтүстігінде әлсіз тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз – 3 градус жылы, таулы аудандарда 7–12 градус аяз, күндіз 5–10 градус жылы, таулы аудандарда 3 градус аяз – 2 градус жылы болады.
Атырау облысында облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады, оңтүстігінде аздаған қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 3–8 градус аяз, облыстың шығысында 11–16 градус аяз, күндіз 1–6 градус аяз, шығысында 9 градус аяз болады.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысында жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 12–17 градус аяз, облыстың солтүстік-батысында 7 градус аяз, шығысында 22–27 градус аяз, күндіз 4 градус аяз – 1 градус жылы, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде 9–14 градус аяз болады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең кей аудандарда жел 15–20 м/с-ке дейін күшейіп, екпіні 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3–8 градус жылы, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 2–7 градус аяз, күндіз 9–14 градус жылы, солтүстігі мен таулы аудандарында 4 градус жылы болады.
Жетісу облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді, Алакөл маңында екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Ауа температурасы түнде 2–7 градус аяз, облыстың шығысы мен таулы аудандарында 10 градус аяз, күндіз 5–10 градус жылы, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 0–5 градус аяз болады.
Батыс Қазақстан облысында қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 4–9 градус аяз, күндіз 1–6 градус аяз болады.
Қарағанды облысында облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей аудандарда жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 1–6 градус аяз, облыстың шығысында 11–16 градус аяз, күндіз 2 градус аяз – 3 градус жылы болады.
Қостанай облысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады, облыстың батысы мен солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 10–15 градус аяз, облыстың солтүстігінде 18 градус аяз, оңтүстігінде 5 градус аяз, күндіз 5–10 градус аяз, оңтүстігінде 2 градус аяз болады.
Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 1 градус аяз – 4 градус жылы, облыстың солтүстігінде 4 градус аяз, күндіз 3 градус аяз – 2 градус жылы, оңтүстігінде 5 градус жылы болады.
Маңғыстау облысында күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз – 2 градус жылы, облыстың солтүстігінде 7 градус аяз, күндіз 0–5 градус жылы, солтүстігінде 5 градус аяз болады.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың батысы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 9–14 градус аяз, облыстың оңтүстігінде 6 градус аяз, күндіз 2 градус аяз – 3 градус жылы болады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың батысында және солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, түнде 9–14 м/с, күндіз 15–20 м/с жылдамдықпен соғады, облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 23–28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5–10 градус аяз, облыстың батысында 13 градус аяз, күндіз 0–5 градус аяз, батысында 8 градус аяз болады.
Түркістан облысында түнде жауын-шашын жауады, облыстың батысы мен таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр жауады, күннің бірінші жартысында таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 8–13 м/с жылдамдықпен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді, түнде тау асуларында екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3–8 градус жылы, облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 0 градус, күндіз 9–14 градус жылы, солтүстігі мен таулы аудандарында 5 градус жылы болады.
Ұлытау облысында түнде жаңбыр мен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз облыстың шығысында аздаған жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с жылдамдықпен соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында жел 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3 градус аяз – 2 градус жылы, күндіз 1 градус аяз – 4 градус жылы болады.
Астанада ауа райы бұлтты. Жаңбыр мен қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей уақытта екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1–3 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы болады.
Алматыда  көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0–2 градус жылы, күндіз 7–9 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, 8–13 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 15–20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 6–8 градус жылы, күндіз 11–13 градус жылы болады.



30 желтоқсан 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031