Наурыз айында 170 мың автокөлік есепке алынды
Фото: pixabay2026 жылғы наурызда есепке 170 мың бірлік автокөлік құралы қойылды. Өткен айда қайта тіркеуден өткен автомобильдердің 63%-ы шыққан жылы 10 жылдан асқан, ал 3 жылдан аспаған автомобильдердің үлесі – 24%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 955,8 мың бірлікті құрады, оның 83,9% – жеңіл автомобильдер, 8,2% – жүк көліктері, 4,4% – тіркемелер, 1,5% – автобустар, мотоциклдер – 1,2% және 0,8% – өзгелері.
Пайдаланылатын отын түрі бойынша көліктің 80% бензинмен жүреді, аралас отын есебінен қозғалатын көліктің үлесі – 6,6%, дизель отынымен-7,6%, газ баллоны орнатылғандар үлесі – 0,4%, тағы 31 100 көлік электр қуаты есебінен қозғалады және автомобильдердің жалпы санының 0,5% құрайды.
Сонымен қатар тіркелген көліктің басым бөлігінің (35,6%) қозғалтқыш көлемі 1 500-2 000 текше см, қозғалтқыш көлемі 1 500 текше см дейінгілердің үлесі – 25,3%, 2 000-2 500 текше см – 14,7%, 2 500-4 000 текше см – 12,8%, қозғалтқыш көлемі 4 000 текше см асатын көлік үлесі – 8,6%.
Өңірлер бөлінісінде тіркелген автомобильдер саны бойынша Алматы қаласы – 723,5 мың бірлік, Алматы облысы – 642,7 мың бірлік және Астана қаласы – 452,1 мың бірлік көш бастап тұр.












