Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бір жылда тоқпен жүретін көліктер саны үш есеге артқан

Бір жылда тоқпен жүретін көліктер саны үш есеге артқан

Көрнекі сурет
Елде мамыр айында 137,9 мың көлік құралы есепке қойылған, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14,4%-ға төмен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 млн 473 мыңнан асқан. Оның 88% – жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк және 2,1% – автобустар.
"Көліктердің басым көпшілігі, атап айтқанда 81,9%, бензинмен жүреді, тағы 7,1% дизельмен жүреді. Экологиялық артықшылықтарға қарамастан, автомобильдердің тек 0,2%-ы газбен, тағы соншасы электр қуатымен жұмыс істейді. Бензин мен басқа отын түрімен аралас автомобильдердің үлесі – 7,5%. Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр қуатымен жүретін жеңіл автомобильдер саны 3229-дан 9906 бірлікке дейін 3,1 есе өсті. Электромобильдердің ең көп саны Алматы қ. – 5809 бірлік, Астана қ. – 1252 бірлік және Алматы облысында – 466 бірлік" делінген бюро хабарламасында.
17 шілде 2024 ж. 310 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031