Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп бітіру кештері: министрлік ата-аналар мен директорларға ескерту жасады

Мектеп бітіру кештері: министрлік ата-аналар мен директорларға ескерту жасады

Мектеп бітіру кештері: министрлік ата-аналар мен директорларға ескерту жасады
Фото: depositphotos.com
Қазақстанда орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кештерін өткізуге қойылатын талаптар нақтыланды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, қабылданған шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Мектеп бітіру кештерін мектептен тыс жерде өткізуге жол берілмейді.
"Аттестат тапсыру рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ғана өткізіледі", - деп хабарлады министрлік өкілдері.
Сондай-ақ білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен ақша және өзге де материалдық құндылықтар жинауға қатаң тыйым салынады.
Бұдан бөлек әкімдіктерге қаржылық шығындарсыз тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіп пен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау жүктелді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы мемлекеттік мектептердің бірінде 11-сынып оқушыларының ата-аналары мектеп бітіру кешіне ірі көлемде ақша жиналатынына шағымданып, дау туындаған болатын. Аналардың бірінің айтуынша, түлектердің отбасыларынан ондаған миллион теңге жинау жоспарланған. Тексеруден кейін мектеп басшылығы мен аудандық білім бөлімі жауапкершілікке тартылды.

13 сәуір 2026 ж. 36 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930